ЖҮКТЕР МЕН ВАГОНДАР: RailCommerce «Вагондар биржасында©» вагондар мен 1520 ірі меншік иесін тиеу үшін сауда-саттықтар өтуде 13.07.2017

ЖҮКТЕР МЕН ВАГОНДАР: RailCommerce «Вагондар биржасында©»  вагондар мен 1520 ірі меншік иесін тиеу үшін сауда-саттықтар өтуде

12 шілдеде RailCommerce электрондық сауда алаңында жүктерді тасымалдауға өтінімдер, сондай-ақ Еуразияның екі ірі компаниясының жалға алған вагондары бар лоттар үшін сауда-саттықтар басталды.

 

Қазақстанның ірі көлік-логистикалық  компаниясы "KTZ Express" АҚ өзінің жартылай вагондарын RailCommerce электрондық алаңындағы ашық сауда-саттықтар арқылы ұзақ мерзімге жалға беруге ұсынуда. Меншік иесі алаңға кез келген 1520 компания үшін берілген шарттармен 9340 жартылай вагонды жалға беруге ұсынды. Биржада жылжымалы құрам үшін сауда-саттықтар 12 шілдеде Астана уақытымен сағат 10.00-де (07:00 Мәскеу уақытымен сағат 07.00) басталды. Сауда-саттықтардың қорытындылары 17 шілдеде де электрондық алаңда шығарылады.

 

Ресейлік ірі тау-кен өндірісі және металлургиялық «Мечел» компаниясы жартылай вагондардың меншік иелеріне 2017 жылдың шілдесі мен тамызына түрлі бағыттарға тиелім ұсынады. 11 000-нан астам жартылай вагондарға тиелім үшін сауда-саттықтар жүріп жатыр, қорытындылары 14 шілдеде RailCommerce электрондық сауда алаңында шығарылады. Жүктері бар лоттар жөнелтілетін түрлі жолдардан (Батыс Сібір, Қиыр Шығыс, Мәскеу, Куйбышев) жеткізілетін түрлі жолдарға (Мәскеу, Солтүстік, Оңтүстік Урал, Солтүстік Кавказ, Горький, Қиыр Шығыс, Батыс Сібір) тасымалдарға ұсынылады. Жүктің иесі бағыттардың саналуандылығы операторларға бос жүрісті азайтуға, тиелімді мүдделі мөлшерлемемен алуға, вагондарды профиттік бағыттардан тапшы бағыттарға алуға (шығыстан батысқа) мүмкіндік береді деп есептпейді.

 

«РЭЙЛ КОММЕРС» ЖШС компанияның директорлар кеңесінің мүшесі Сергей Сергеевич Горский бұл айтулы оқиғаны былайша түсіндірді: «Бұл біздің ұзақ уақыт дайындалған заңды нәтиже. Жаңа «Тиелім үшін сауда-саттықтар» және «Вагондарды жалға алу» сауда рәсімдерін іске асыру үшін біз алаңда бірқатар функционалдық және сервистік өзгерістер жүргіздік. Олар енді жүк иелеріне сауда-саттықтардың тапсырыс берушілері болып толықтай танылуына, лоттарды алаңдағы жеке кабинетке орналастыруға, ұсынылған лоттар бойынша сауда-саттықтар қарқынын қадағалауға, ал сауда-саттықтарға қатысушыларға өздері баға ұсыныстарын беретін таңдаулы лоттан тізімін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық сипаттағы көп жұмыс атқарылды, оның барысында Биржа өкілдері салалық конференциялар мен форумдарға қатысып, Биржаның жаңа ілгерілету сервистерінің ойластырылған онлайн және оффлайн стратегиясын іске асырды. Біз ажырамас атрибуттарының бірі биржада айналатын тауарлар мен қызметтерді стандарттау болып табылатын жүк тасымалдары нарығындағы толық құнды биржалық сауда алаңын құру бағытына қарай дәйекті жүріп келеміз. Осы стратегияның аясында біз салалық тасымалдау шарты, атап айтқанда жалға алу шарты стандартын қалыптастырудың алғашқы қадамын жасадық. Түрлі меншік иелерінің жалға алу шарттарына терең талдау жүргізілді. Жалға алу шарттарының барлық коммерциялық талаптары сауда-саттықтарға ұсынылатын лоттың жеке параметрлері түрінде формалдандыру мүмкін болды. Соның нәтижесінде, жүк вагондарын жалға алу жөніндегі электрондық сауда-саттықтар аясында нарыққа қатысушыларға вагондарды жалдаудың стандартталған лоттары ұсынылады. Бұл жалға алу жөніндегі сауда-саттықтарға қатысу туралы шешім қабылдау үшін вагондарды жалға алу шартының толық мәтінімен танысуға уақыт жоғалтпауға мүмкіндік береді. Қатысушыға өзіне лоттың экономикалық және технологиялық тартымдылығын анықтау үшін оның  маңызды параметрлерімен танысқан жеткілікті. Электрондық алаңда мәміленің коммерциялық талаптарын қалыптастудың осындай тәсілі нарыққа қатысушыларға қызмет стандартын пайдалануға және бірыңғай шартты тек электрондық алаңның шеңберінде ғана емес, сондай-ақ нарықтың басқа қатысушыларымен бірге оффлайн коммуникацияларда біртіндеп пайдалануға көшуге мүмкіндік береді. Осылайша, біз өз миссиямызды мақсаткерлікпен орындап, Еуразия құрлығында бірыңғай көлік-логистикалық кеңістік құруға жағдай жасайтын боламыз».

 

RailCommerce «Вагондар биржасы ©» электрондық алаңының баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда темір жол жүк тасымалдары нарығында 2014 жылдан бері жұмыс істейді. 2017 жылдың шілде айының басында алаңда бүкіл 1520 кеңістіктен 1500-ден астам компания (операторлар мен жүк иелері) тіркелген, алаң арқылы тасымалдарға 60 000 астам вагон сатылған.