«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк айналымын 214 млрд. тонна-шақырымға жеткізеді 15.01.2018

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк айналымын 214 млрд. тонна-шақырымға жеткізеді

8-қаңтарда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның кеңейтілген отырысында Компания басшысы Қанат Алпысбаев 2017 жыл қорытындысын жасап, жаңа жылға тапсырмаларды белгіледі.

Жүк, транзиттік, жолаушылар тасымалы, қозғалыс қауіпсіздігі, көлік-логистикалық, өндірістік- қаржылық қызметтер бойынша жыл қорытындысына қатысты баяндамалар тыңдалды.

2017 жылы жүк айналымы 208,8 млрд. тонна- шақырымды құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары көрсеткіш.

Жүк тиеу көлемі 242 млн. тонна құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 12% өсті.

Әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдау көлемі толығымен орындалды. 103,2 миллион тонна көмір тиелді. Ол 2016 жылмен салыстырғанда 13 миллион тоннаға артып, 14% жоғары болды. Астық және ұн өнімдерін тиеу көлемі 13,5 миллион тоннаға жеткізілді. Оның ішінде 8,9 миллион тонна астық тасымалданды. Ол 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 104 пайызға жоғары. Ұн өнімдерін тасымалдау -3,2 миллион тонна болса, 2016 жылмен салыстырғанда 112 пайызға жоғары көрсеткішті құрады.

Транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі 16 миллион тоннаға жеткізіліп, 2016 жылмен салыстырғанда 23% көтерілді.

Қытай- Еуропа- Қытай бағдарындағы контейнерлік тасымал екі есеге өсті. Сөйтіп, 201 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) жетті. 2018 жылы транзиттік тасымал көлемін 17,1 миллион тоннаға жеткізу көзделіп отыр. 2018 жылы Қытай-Еуропа –Қытай бағдарына контейнерлік тасымалды шамамен 340 мың ЖФЭ жеткізу жоспарланды.

Құрық паром кешені мен Баку-Тбилиси –Карс теміржол желісінің іске қосылуы ТККБ бағдарындағы экспорттық контейнерлік тасымалды еселеп арттыруға серпін берді. Қазақстанның ғаламдық көлік желісіне ықпалдасуына «Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты қаржылық қорына әлемдік ірі COSCO Shipping компаниясының кіруі маңызды қадам болып отыр.

2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Алматы-Шу теміржол телімінде екінші желісі іске қосылды. Осылайша телімнің өткізу әлеуеті төрт есеге өсті. Жүрдек жолаушылар пойызын өткізу алты есеге жоғарылады. Учаскелік жылдамдық сағатына 39,6 шақырымнан 44,5 шақырымға көтерілді. Құрық паром кешені арқылы 1,5 миллион тонна жүк өткізілді. Тестілік сынақ ретінде автокөлік паром өткелі іске қосылды.

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында Астанада «Нұрлы жол» вокзал кешені мен әуежайда жолаушылар терминалы іске қосылды.

Жыл ішінде 779 шақырым жол жаңғыртылды. Соның нәтижесінде 489 шақырымда жолаушылар пойыздарының, 402,5 шақырымда жүк пойыздарының жылдамдығы жоғарылады.

2017 жылы шоғырландырылған жолаушылар айналымы жеке тасымалдаушыларды қосқанда, 19 млрд. жолаушы-шақырымды құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға жоғары көрсеткіш.

Халықаралық ЭКСПО көрмесі кезінде 14 уақытша пойыздар қатынаса, оның 7 пойызы тұрақты кестеге көшірілді. Осы кезеңде 5 миллион 647 мың жолаушы тасымалданды. Өткен жылы электрондық билет сату 64% өссе, 2018 жылы оны 75% жеткізу көзделіп отыр.

Жаңа Ұжымдық шартта 2018 жылға арналған әлеуметтік жеңілдіктерге жұмсалатын қаржы 27 пайызға ұлғайды.

Таза табыс 12 миллиард теңге болды. Есепті мерзімдегі дамуға бөлінген қаражат 255,9 млрд. теңгені құрады. Бұл қаржылар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы теміржол инфрақұрылымын жаңғырту, жолдың үстіңгі қабатын жаңалау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жылжымалы құрамды жаңғырту жөніндегі логистикалық міндеттерді орындауға жұмсалды.

«Өткен жылды көрсеткіштеріміз жаман болған жоқ. Негізінен, жүк тасымалында оң өзгерістер байқалды. Көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы серпінді дамулардың арқасында біз кешенді логистикалық қызметтерді талапқа сай көрсете аламыз»,-деп атап өтті Компания басшысы жыл қортындысына арналған жиынды қорытындылай келіп.

Компания басшысы жыл бойы атқарылған жұмыс нәтижесін қорытындылай келе, 2018 жылы сала басшыларына қозғалыс қауіпсіздігін жақсарту, жүк және жолаушылар тасымалын өсіру, транзиттік бағдарларды ұйымдастыру, магистральдық желіні қалыпты ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Оның ішінде Компанияның жүйенің операторы ретіндегі алдында тұрған көлік инфрақұрылымын тиімді пайдаланудағы маңызды міндеттерді белгіледі.

«Альянс пен өңірлік серіктестіктерді сақтау арқасында жүк ағындары мен қызмет көрсетудің жаңа бағыттары табысты дамып келеді»,-дей келіп Қ. Алпысбаев «серіктестерді инфрақұрылымдық жобалар мен оның коммерциялық толығуын қамтамасыз ету істеріне жұмылдыру қажеттігіне назар аударды».

«2018 жылы жүк айналымы 214 млрд. тонна-шақырым, жолаушылар айналымы -15 млрд. жолаушы шақырымды, операциялық табыс 170 млрд. теңге табысты құрауы тиіс»,-дей келіп Компания басшысы 2020 жылдарға дейін транзиттік тасымалды 2 миллион контейнерге жеткізіп, одан түсетін табыстың 5 млрд. долларға жетуі тиістігін атап өтті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

http://www.railways.kz/node/12314