Жоба туралы

RailCommerce — теміржол жүктасымалдарының электронды сауда-саттық алаңы

Алаң жүктасымалдары нарығының негізгі қатысушыларына арналған:

  • жүк иелері;
  • вагон иелері;
  • жылжымалы құрам операторлары.
 
Біздің Қызмет операторға және вагон иесіне жүк түсірілгеннен кейін қажетті бағыт бойынша вагондарды жол-жөнекей тиемелей отырып, online-режимде тасымалданатын жүктерді табуға мүмкіндік береді. Жүк иесіне қызмет қажетті мерзімде және нарықтық баға бойынша тиелетін жақын станциядағы вагондарды жылдам табуға мүмкіндік береді. Осы ретте келісімшарттың барлық маңызды шарттарын сауда алаңындағы жеке кабинетте тікелей талқылай отырып, тараптар бір-бірімен тасымалдау бағасы мен шарттарына қатысты саудаласу мүмкіндігіне ие болады.

Кепілдіктер мен тасымалдауды жүзеге асыру жауапкершілігі сауда қатысушыларына тиесілі болады.

Біздің клиенттердің сұраныстарына жауап бере отырып - біз өз қызметімізді үнемі дамыту үстіндеміз: олармен бірге жаңа идеяларды талқылаймыз және алаңды үнемі қолдануға қолайлырақ және олардың бизнесі үшін пайдалырақ етеміз. RailCommerce компаниясы өз клиенттеріне жұмыстың екі негізгі бизнес-логикасын ұсынады: "Екіжақты сауда-саттықтар" және "Тасымалдауға аукцион". Бірінші жағдайда саудаға қатысушылар арасында сауданы ұйымдастырып және тасымалдаудың тікелей келісімшартын жасай отырып, биржа алгоритмі біреуінің мүмкіндіктерін екіншісінің қажеттіліктерімен түйістіретін кіші және орта көлемді жүктасымалдарының 600-ден астам компаниялары қатысады. Тасымалдау аукционы- вагондарды оларға деген сұраныс артқан кезеңде ұсыну қызметтерін сату бойынша дербестендірілген тапсырыс.

Электронды алаң қызметтері екіжақты сауда-саттық логикасында тек жүзеге асырылған тасымалдау келісімдері бойынша ғана вагондарды ұсыну бағасының 1%-на тең. "Тасымалдау аукционын" ұйымдастыру қызметтері бастапқы кезеңде 1 вагон үшін 100 рубль көлеміндегі сыйақы түрінде төленеді. Жұмысты бастау үшін алғашқы қадам қатысушыларды қарапайым және тегін тіркеу болып табылады, тіркелуден кейін олар келесі мүмкіндіктерге ие болады:

  • Вагондардың жүздеген ұсыныстарына және миллиондаған тонна жүктерге қолжетімділік;
  • Тасымалдаудың ең үздік нұсқаларын іріктеудің автоматтандырылған жүйесі арқылы нарықтық баға бойынша оңтайлы ұсыныстарды таңдау мүмкіндігі;
  • Нарықтық бағаны қалыптастыру және қызметтерді сату үшін белсенді аукциондарға қатысу және өз лоттарын қою мүмкіндігі.
Біз қолайлы, интуитивтік-түсінікті қызметті ұсынамыз, Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге және қызметті пайдалану бойынша Сізден кері байланыс алуға қуана келісеміз: welcome@railcommerce.com