«ВАГОНДАР БИРЖАСЫ ©» RailCommerce

Жылжымалы құрамды ұсынуға деген сұраныс тұрақсыз болған шарттарда теміржол жүктасымалы нарығының қатысушылары үшін вагондарды ұсыну бойынша қызметтердің технологиялық қолжетімділігін ұйымдастыру аса маңызды болып келеді. «Вагондар биржасы ©» RailCommerce сауда-саттық процедурасының ең заманауи түрі- тасымалдауға арналған электронды аукцион түрінде жүзеге асырылған барлық 1520 кеңістігінде жүк тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды онлайн іздеу және жұмылдырудың бірегей, тәуелсіз құралы болып табылады.

1520 кеңістігінің жылжымалы құрамының ірі меншік иелері- «Федеральная грузовая компания» АҚ, «Первая Грузовая Компания» АҚ, «НефтеТрансСервис» АҚ, «Новая Перевозочная Компания» АҚ, «ТФМ-Оператор» АҚ және "Грузовая компания" ЖШҚ өз парктерінің бір бөлігін кез-келген адамға меншік иесінің жылжымалы құрамын онлайн-аукцион режимінде саудаға салуға мүмкіндік беретін RailCommerce электронды сауда-саттық алаңына орналастыру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім нарықтың барлық қатысушылары үшін Тапсырыс беруші қызметтерінің тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, ашық сауда-саттықта нарықтық құнды анықтауға жағдай жасауға, сондай-ақ болашақта жоспарланған сапарларды жүзеге асыруда вагондарға тапсырыс беру мүмкіндігін ұсынуға арналған.

2016 жылдың мамыр айында электронды сауда-саттықтарды бастаған «Вагондар биржасы©» бірнеше рет қолданушы сервисін жақсартты және әрі қарай жақсартуға ниетті. Сауда-саттықтардың бастапқы кезеңінің өзінде басты тапсырмасы ретінде жылжымалы құрамды ұсыну бойынша қызметтерді нақты сатудан бөлек, теміржол жүктасымалы саласындағы электронды сауда-саттық механизмін сынамалауды көздейтін сауда-саттықтың тәжірибелі-өнеркәсіптік пайдаланылуы жүзеге асырылды. Сауда-саттық процесін тұрақты түрде талдаудың және нарыққа қатысушылардан алынған ұсыныстардың негізінде- «Вагондар биржасында ©» толығымен автоматтандырылған электронды сауда-саттықтарды жүргізуге арналған қажетті жағдайлар анықталады және ендіріледі www.railcommerce.com.

Мұндай ынтымақтастық тең құқықтық, әділеттілік, кемсітушіліктің және сауда-саттық қатысушыларымен қарым-қатынасы бойынша негізсіз түрдегі бәсекелестіктің болмауы сияқты қағидалардың негізінде жылжымалы құрамдағы теміржол жүктасымалдары нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Біз осы ынтымақтастық «Вагондар биржасымен ©» жұмыс істей отырып барлық жетістіктерге жете алатын жылжымалы құрамның басқа иелерінің алаңына кіруге арналған тірек болады деп үміттенеміз.