ВАГОНДАРДЫ ЖӨНДЕУ

Рэйл Коммерс электронды сауда алаңының сервисі клиенттер компанияларының қажеттіліктеріне сәйкес дамып келеді. Жылжымалы құрамның меншік иелері мен жалға алушыларына Ресейдің барлық темір жол кеңістігінде жоспарлы, күрделі және ағымдағы ағытып жөндеу (ТҚКЖ) тапсырысы бойынша қызмет көрсетуді ұсынамыз.

Егер сіз 1520 жылжымалы құрамның операторы болып табылсаңыз және вагондарды жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу шығындарын оңтайландыруға тырыссаңыз, онда сізге жөндеу қызметіне «Вагондар биржасы» RailCommerce арқылы тапсырыс беру қажет. Рэйл Коммерс 1520 жолтабанының ірі вагон жөндеу және сервистік компанияларымен өзара тиімді қарым-қатынас жасай отырып, өз клиенттеріне алаң арқылы жылжымалы құрамды жөндеу қызметтеріне тапсырыс беру кезінде келесі бәсекелестік артықшылықтарды ұсынады:

Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге уақытты үнемдеу - 1520 жолтабанының кеңістігінде «Вагондар биржасы» арқылы қызметке тапсырыс бере отырып, сіз аралық келіссөздерді барынша азайтасыз, жарамсыз қосалқы бөлшектердің тізбесі, оларды жеткізу мерзімдері мен құны туралы ақпаратты тез арада аласыз, жөндеудің барлық процесін қадағалай аласыз, жөндеу компанияларымен шарт жасау кезінде тіпті жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мүмкіндігіне ие боласыз - сіздің вагоныңыз заңды формальдылықтарды күтуде тоқтап қалмайды.

Жөндеу құнын қысқарту. Біз жөндеу жұмыстарның орындалу барысында жоспарлы жөндеудің бекітілген бағасының өзгертілмейтіндігіне кепілдік береміз. Сіз алдын ала шығындарды жоспарлай аласыз және жөндеу кезінде жұмыс көлемін ұлғаймайтындығына сенімді бола аласыз.

Біз жөндеу кезінде сапа мен кәсібилікке кепілдік береміз. RailCommerce арқылы жөндеуге тапсырыс берген кезде сізге ешқашан сіздің бөлшектеріңізді нашар аналогтарға алмастырмайды, вагондар жөндеуді қажет еткен жерде немесе жақын депода жүргізеді, қажет болған жағдайда оларды жаңа бөлшектерге ауыстыруды ұсынады. қосалқы бөлшектер тек сіздің келісіміңіз арқылы орнатылады, біз өз тарапымыздан бөлшектердің заңдылығына кепі береміз.

Қосалқы бөлшектерді қол жетімді бағамен қысқа мерзімде жеткізу – егер қажетті қосалқы бөлшектер жөндеу орнында болмаса, онда сіздің келісіміңіз бойынша біз Биржа серіктестерінің айналымдағы қорының жақын қоймасынан қосалқы бөлшектерді жеткізуді ұйымдастырамыз. Бөлшектелген қосалқы бөлшектерді біз қалдық құны бойынша сатып аламыз. Сізге оларды сақтаудың немесе ол үшін ақы төлеудің қажеті болмайды.

Біздің басты серіктесіміз "Гарант Рейл Сервис" ЖШҚ - 1520 жолтабанының барлық кеңістігінде орналасқан ірі вагон жөндеу компанияларымен ("ВРК-1" АҚ, "ВРК-2" АҚ, "ВРК-3" АҚ) және жеке меншік ЖӨӨ келісім-шарттары бар, сондай-ақ жылжымалы құрамды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтердің толық тізбесін ұйымдастыратын меншікті вагон жөндеу кәсіпорындары бар сервистік компания болып табылады.