ТАСЫМАЛДАУ АУКЦИОНЫ

Нарықта тасымалдау бойынша қызметтерді (немесе, сәйкесінше, вагондарды жүктемелеу мүмкіндіктерін) ұсынуға қарағанда жылжымалы құрамға (не болмаса жүктемелік базаға) деген сұраныстың айтарлықтай артуы байқалған сәтте аукционды өткізген жөн.

Вагон иелері аукцион арқылы жылжымалы құрамды жүк иелері аса қажет еткен кезеңдерде ашық онлайн-аукцион барысында ең тиімді ұсыныс жасаған кез-келген еріктілердің тасымалдау тапсырысын орындау кезінде теңдей шарттарды қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болады. Осы ретте аукциондық лоттардың мазмұндары көліктік қызметтерді көрсету уақыты бойынша да, олардың мазмұны бойынша да алуан түрлі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда вагондардың иесі нарық бағасын құрастыра алады- ол өз табыстарын және, сәйкесінше, вагондарды жөндеу және капитал жұмсалымының бағдарламаларын нақты болжай алады. Басқа жағынан алып қарағанда, аукционға қатысушылар (жүк иелері) ашық және тәуелсіз форматқа бағыттала отырып- сондай-ақ көліктің құрамдас бөліктерін алдын-ала көріп, дайын өнімнің бағасын (көліктің құрамдас бөліктерін қоса есептегенде) алдын-ала анықтай алады.

Сонымен қатар, ұсынылып отырған шешім жүк иелеріне де вагондардың ұсынысы сұраныстан жоғары болған кезеңдерде олардың нарыққа қатысушылардың жылжымалы құрамындағы жүктерін тасымалдау бойынша аукционды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осы ретте лоттардың мәні өзгеретін болады- аукциондық сауда құралы ретінде тасымалдау мүмкіндігі емес, жылжымалы құрам қажеттілігі қарастырылатын болады. Олай болса, көліктік қызметтерді ұсынушының таңдауы ретінде жүк иесі үшін ең тиімді шарттардың ұсыныстарына қайта негізделген болады. Сауданың мұндай сипаты вагондардың әрбір иесіне жүк базасы үшін күрес жүргізуге, ал жүк иесіне ол үшін жақсырақ нақты тасымалдау ұсынысын алуға мүмкіндік береді.

Осылайша "екіжақты сауда-саттықтардағы" секілді "аукционға" теміржол тасымалдары нарығының барлық қатысушылары- әр түрлі кезеңдерде және тасымалдаудың әр түрлі бағыттары бойынша қатыса алады. "Тасымалдау аукционының" "Екіжақты сауда-саттықтардан" басты айырмашылықтары келесілер болып табылады:

• "Тасымалдау аукционында" тапсырыс беруші аукционның жеңімпазын таңдауға тікелей қатыспайды. Жеңімпаз алдын-ала анықталған жүйелік алгоритм бойынша анықталады. Аукционның әрбір қатысушысы қанша лотқа қандай баға беру қажет екенін өз бетінше шешеді. 

• "Аукциондық сауда-саттықтардың" құралы да ерекше- тасымалдау үшін қатысушыларға ұсынылатын вагондар саны, тапсырыстың ұзақ мерзімділігі, төлем шарттары және т.б. шарттар. Осылайша, аукцион, екіжақты сауда-саттық барысындағы секілді ситуациялық туындайтын емес, көлемді жұмыстар бойынша ұзақ мерзімдік қатынастарды сапқа тұрғызуға бағытталған.

• "Тасымалдау аукционының" процедуралық аспектілері көп- аукционға тапсырыс берушінің критерийлері бойынша қатысушыларды мұқият іріктеуді жүргізіледі, сауда-саттықтар белгілі бір регламенттің шеңберінде жүргізіледі, жеңімпаз вагондарға тапсырыс беруге арналған келісімшартты жасау бойынша әрекеттер жиынтығын және т.б. орындау жауапкершілігін өзіне алады.

"Тасымалдау аукционын" жүргізу логикасының өзіндік ерекшелігі бар. Аукциондық сауда-саттықтар басталмас бұрын, не болмаса оның бастапқы кезеңінде лоттың бастапқы бағасы анықталады- бұл құрал-саймандар паркінің (жеке меншік парк вагонындағы тиелген рейс үшін тариф құнын ескергендегі) вагондағы 10-01 Баға көрсеткіші бойынша тасымалдау құнының %-дық жеңілдік/үстеме баға деңгейіндегі индикатив бағасы. Лоттың бастапқы бағасы саралау кезеңінде немесе аукционның жүруі барысында саудаға қатысушылардан келіп түскен ұсыныстарды жинақтау арқылы анықталуы мүмкін. Аукциондық сауда-саттық барысында қатысушылар аукцион күні аяқталғанға дейін бірнеше рет ұсыныстар жасайды. Күн сайын сол күнгі ең тиімді баға ұсынысы ретінде сауда-саттықтың ағымдық құны анықталады. Осы баға ұсынысынан сауда-саттықтар келесі күні жалғасады. Аукцион аяқталғаннан кейін- электронды алаңның автоматты логикалық аппаратының (back-end) көмегімен жеңімпаз анықталады.

Сауда-саттыққа қатысу үшін аккредиттеу процедурасынан өту қажет: алаңда тіркелу және аукционға қатысу үшін өтініш жіберу. Аталмыш процедуралардың барлығы тегін. Комиссия жеңімпаздан жеңіп шыққан тапсырыс үшін тұрақты төлем түрінде алынады.