Www.railcommerce.com порталында ақпараттық қызметтерді көрсету шарттары

1. Оператор Қолданушыға өзі құқық иесі болып табылатын Порталдың деректер Базасына Қолданушыны тіркеген күннен бастап Қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

2. Қызмет көрсету Шарттарының берілген бөлімінің шеңберінде Оператор, Қолданушыға деректер Базасына және ондағы ақпаратқа қатысты ешқандай ерекше құқықтарды бермейді.

3. Қолданушы деректер Базасына қатысты құқық иесінің құқықтарын қорғау бойынша Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексінің ережелерін сақтауға міндетті.

4. Деректер Базасына қолжетімділік Тараптармен келісілген қызметтерді көрсету мерзімі ішінде жеке пайдалану үшін Қолданушыға ұсынылады. Қолданушы деректер Базасына Қолжетімділікті, соның ішінде өзінің Тіркелу ақпаратын үшінші тұлғаларға таратуға құқылы емес.

5. Деректер Базаларының мазмұнын жалпыға бірдей таратуға немесе басқа тәсілмен коммерциялық мақсатта пайдалануға тиым салынады.

6. Оператор деректер Базасына қатысты өзінің авторлық (зияткерлік) құқығын қорғауда техникалық құралдарды пайдаланады. Берілген техникалық құралдар, сонымен қатар деректер Базасына заңсыз қол жеткізудің алдын алады. Оператор қолданатын Қолданушыны Порталда авторландыру механизмі, келесі мекенжай бойынша орналасқан Қолданушымен өзара әрекеттесу веб-формасы авторлық (зияткерлік) құқықты қорғаудың осы пунктте жоғарыда көрсетілген техникалық құралы болып табылады: www.railcommerce.com .

7. Қолданушының Деректер Базасын заңды түрде пайдалануы тек Оператордың Қолданушының өзіне ғана берген Тіркеу ақпаратын қолданыла отырып тек Порталдағы авторландыру механизмі арқылы ғана деректер Базасына қол жеткізу болып табылады. Деректер Базасына Қол жеткізу үшін өзге біреудің тіркеу ақпаратын пайдалануға тиым салынады. Қолданушының Өзге біреудің тіркеу ақпаратын пайдалануы екі Тарапта да Оператордың авторлық құқықты қорғау үшін техникалық құралды- Порталдағы авторландыру механизмін қолдана отырып бекіткен деректер Базасын қолдануға қойылған шектеулерді жоюға бағытталған әрекет ретінде танылады.

8. "Жүктерді тасымалдауға берілген Тапсырыстар туралы ақпаратты орналастыру" қызметін Жүк иесі үшін Оператор жүкті тасымалдауға берілген тапсырыстар туралы деректерді Порталда жариялау мүмкіндігін ұсыну арқылы жүзеге асырады.

9. "Жүктерді тасымалдауға берілген жылжымалы құрам  Ұсыныстары туралы ақпараттарды орналастыру" қызметін Вагон иесі үшін Оператор жүкті тасымалдауға арналған бос вагондар туралы ұсыныстарды Порталда жариялау мүмкіндігін ұсыну арқылы жүзеге асырады. 

10. "Жүктерді тасымалдауға арналған вагондарды іздеу" және "Вагон Иесінің басқаруындағы вагондармен тасымалдау үшін жүк базасын іздеу" қызметтерін Жүк иесі мен Вагон Иесі үшін Оператор сәйкес келетін жарияланған Тапсырыстар мен жарияланған Ұсыныстарды автоматты түрде іріктеу арқылы жүзеге асырады. 

11. "ТЖ тарифінің құнын, жүкті жеткізу мерзімін, тасымалдау қашықтығын есептеу" қызметі тіркелген Қолданушылар үшін www.ctm.ru («СТМ» ЖШҚ) сайтындағы on-line қызметімен бағдарламалық интеграцияны пайдалана отырып, Порталда ТЖ тарифінің құнын есептеу мүмкіндігін ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

12. "Вагон Иесімен жүк тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды жұмылдыру келісімшартын жасасу" қызметін Жүк Иесі үшін Оператор Вагон Иесінің Порталдағы Ұсынысын құптау мүмкіндігін ұсыну арқылы жүзеге асырады. Қызмет Жүк Иесінің Дербес шотында қаражат жеткілікті болған жағдайда ғана қолжетімді болады: Жүк Иесінің Дербес шотындағы ағымдық теңгерім "Порталды пайдаланудың жалпы шарттары туралы Қолданушылық Келісімшарттың" 1-Қосымшасында бекітілген тарифтер бойынша Оператор қызметтері үшін төлемді жабады.

13. "Жүк Иесімен жүк тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды жұмылдыру келісімшартын жасасу" қызметін Вагон Иесі үшін Оператор Жүк Иесінің Порталда жариялаған Тапсырысын құптау мүмкіндігін ұсыну арқылы жүзеге асырады.

14. Дербес тіркелу ақпараты бар Жүк Иесі Порталда бір тәулік ішінде 500-ден аспайтын Тапсырыстарды жариялай алады. Дербес тіркелу ақпараты бар Вагон Иесі Порталда бір тәулік ішінде 500-ден аспайтын Ұсыныстарды жариялай алады.