ЕКІЖАҚТЫ САУДА-САТТЫҚТАР

"Екіжақты сауда-саттықтар" модулі- бұл тасымалдау нұсқаларын іздеу және бағалау құралы, 1520 кеңістігінде теміржол тасымалдары нарығының барлық қатысушылары үшін көліктік қызметтерді көрсету бойынша тікелей келісімшарт жасасу және шарттарды талқылау құралы.

Екіжақты сауда-саттықтардың форматы қысқа мерзім ішінде жақын маңайдағы бос жылжымалы құрамды пайдалана отырып жүкті тасымалдауды қажет ететін жүк иесіне өте қолайлы. Жүк иесі жеке кабинетінде тасымалдауға тапсырысты орналастырады, бұл тапсырыс, өз кезегінде, оған өз ұсыныстарын жіберетін алаңның барлық операторларына қолжетімді болады - сауда-саттық ұйымдастырылатын болады. Сауда-саттық барысында қатысушылар кейінірек қызметтерді көрсету келісімшартына енгізілетін тасымалдаудың маңызды шарттары туралы келісімге келеді. Вагондарды жеткізушіні таңдау жөніндегі соңғы шешімді жүк иесі қабылдайды. Таңдау критерийлері тапсырыс беруші орналасқан нақты жағдайға- вагондарды жөнелту мерзімі, бағасы, саны және т.б. байланысты болады. 

Жылжымалы құрамның иелері, сондай-ақ, өз ұсыныстарын жүйеде нақты тасымалдау тапсырысы бойынша емес, жай индикатив түрінде, келешекке, яғни жеке меншік иесі белгілі бір станцияда белгілі бір мерзімнен кейін вагондар босайтынын білген жағдайда орналастыра алады- ол жөнелтілу радиусын, санын және тіпті тасымалдаудың ең қолайлы бағытын көрсете отырып, мұндай мүмкіндіктерді жүйеге алдын-ала енгізу мүмкіндігіне ие болады. Сәйкес келетін жүктеу пайда болған жағдайда- жүйе автоматты түрде вагон иелерін ескертетін болады. Осы ретте вагондардың бір иесінің өзінің қызметтеріне бірнеше жүк иелерінен тапсырыстарды қабылдау, олармен саудаласу және өз паркін оңтайлы жүктемелеу нұсқасын таңдау мүмкіндігі бар.

"Вагондар биржасының ©" қатысушысына айналу үшін- тегін тіркеліп және пошта арқылы жеке кабинетке қол жеткізу кілтін алу қажет. Ағымдағы сәтте Биржаға 600-ден астам компанияла- тж тасымалдаулар нарығының қатысушылары тіркелген.

"Екіжақты сауда-саттықтар" өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеді. Алаңға қатысушы-жүк иелері тасымалдау вагондарын іздеуге жұмсалатын уақыттың 5 есеге дейін қысқарғанын растады, бұл жүкті тиеу станциясына жақын маңайдағы жылжымалы құрамға ие болатын контрагентті таңдау есебінен тасымалдауға кететін уақытты айтарлықтай үнемдеуге алып келді (нарық бойынша жалпы жарнаның 60%-на дейін үнемдеу). Вагондардың иелері электронды RailCommerce сауда-саттық алаңы арқылы жүктемелеу нұсқаларын таңдау барысында клиентті іздеуге кететін уақыттың және бос жорықтардың маңызды түрде қысқарғанын айтады.